Қоғамдық кеңес маңызды мәселелерлерді ақпараттандырады

АTPress.kz. 17 наурыз. «Бюджет тұрақтылығы: мемлекеттік шығындардың басымдылығын қалай анықтайды?» атты лектория барысында ҚР қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұлов бірқатар маңызды мәселелер жайлы ақпарат берді.

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте вице-министр мемлекеттің тұрғындар алдында есеп беруді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін орталық және аймақтық атқарушы органдар жанында қоғамдық кеңестер қызмет ететінін жеткізді. 

- Қоғамдық кеңестер Жоғары соттың, Конституциялық кеңестің, прокуратура органдарының, Президент әкімшілігінің, Ұлттық банктің немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылмайды, - деді Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүддесін ұсынады және жергілікті және республикалық деңгейдегі шешімдерді қабылдауда және талқылауда қоғамдық пікірлерді есепке алады. Кездесуде Берік Шолпанқұлов министрлік пен азаматтар арасында ашық байланыс орнатылғанын атап өтті. 

- Бюджетті іске асыру барысын жариялап отыру және оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті қатынас алаңында министрдің блогына түскен мәселелер қарастырылып тұрады, - деп түсіндірді Берік Шолпанқұлов. 

 

Мереке Асанова