Қашаған экспорты - 11,5 млн тонна

ATPress.kz. 27 наурыз. Қашаған кен орнынан экспортқа жөнелтілген мұнай көлемі - 11,5 млн тоннаны құрап отыр.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден айтты. 

«Жыл басынан бері Қашаған кен орнынан 2,5 миллион тонна мұнай және 1,5 миллиард текше метр газ өндірдік. Кен өндіру басталған 2016 жылдың қыркүйегінен бастап, біз Қашағаннан 11,5 миллион тонна шикі мұнай экспорттадық. Сонымен қатар, 3,5 миллиард текше метр табиғи газ өндірілгенін айта кетейік. Бұл газ «ҚазТрансГаз» құбыр желісі жүйесіне жіберіледі», - деді спикер. 

Айта кетелік, Қашаған мұнайы батысқа қарай Атырау - Новороссийск құбыр желісі және солтүстікке қарай Ресейдің «Транснефть» компаниясының жүйесі арқылы Атырау - Самара бағыттында экспортталады. Және шығыс құбыр желісі арқылы Атырау - Алашаңқайға жөнелтіледі.

 

Тасым Әбіш

Сурет: 24.kz