ATPress.kz. 14 желтоқсан. Махамбет ауданында сұлулық салоны ашылды.
Халық банкі, пошта, сот, прокуратура, жергілікті полиция бөлімшесі, басқа да әлеуметтік нысандар тығыз орналасқан аудан орталығынан бой көтерген «Жасмин» салоны «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске қосылды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы облыстық бөлімшесі арқылы үш миллион теңге жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкер Нәйлә Қалауова түрлі шаш үлгілерін сәндеп, арулардың тырнақ, кірпіктерін де түрлендіріп береді.
Фамиля Қожанова,
Махамбет ауданы