ATPress.kz. 30 қараша. Өңірдің ауа райы қолайсыз, жері шөлейтті деп танылса да, Индерде жылма-жыл егін салушылар қатары өсіп, суармалы алқап көлемі ұдайы артып келе жатқаны ешкімге де таңсық емес.
Индерлік егіншілер де 2018 жылғы егістік жер көлемін 1288 гектардан төмендетпеудің барлық мүмкіндіктерін осы күннен іздестіріп, дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Мал азықтық екпе шөп көлемі де өсе түседі деген үміт бар. Егін шаруашылығымен 2017 жылы 43 шаруашылық шұғылданса, келер жылы бұл қатар да өсе түсуі керек. Бұл ретте аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі: «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы тарнсферттер» 102 кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша өңірге 1 миллиард 127 миллион 780 мың теңге субсидиялық қаражат бөлінетіндігін хабарлайды. Алайда аталған бұйрықта негізінен ауыл шаруашылығы кооперативтерін субцидиялауға басымдық берілген», - деп хабарлады.
Ауданда жер көлемінің өсіміне қарай онда еңбек ететін жұмысшыларды да дайындау ісі өзекті болып тұр. Қазірдің өзінде 31 шаруа қожалығы 360 мигрантқа (шет елдік адам күшіне) сұраныс беріп қойған. Бұл іске байланысты да әр жақтан туындап отырған жайттар аз емес.
С. Бисенов,
Индер ауданы
Сурет kostanaytany.kz сайтынан алынған