ATPress.kz. 12 қаңтар. «Өткен жылы 173 атыраулық бизнес саласына аяқ басты», деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Хабарламада «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 173 атыраулыққа 900 миллион теңгеге жуық несие берілгендігі айтылады.
Ал, аталмыш бағдарламаның екінші бағыты аясында өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 750 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 51 млн. теңге, 137 адамға шағын несие беруге 840 млн теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге - 97,6 млн теңге және операциялық шығындарды субсидиялауға - 9,1 млн теңге бөлінді.
Бек Әзберген