Жылыой ауданында Жем суы көтеріліп, ауылды су баса басады, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 21 сәуір күні сағат 05.57-де Жылыой ауданы Құлсары қаласының Жетінші ауылында Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 3 ауланы су басқан. Ауылдағы 3 үйден 10 адам (оның ішінде 4 бала) эвакуацияланып, туыстарының үйіне орналастырылыпты.
Сондай-ақ, ең қауіпті учаскедегі жетінші ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптардан бөгет соғу жұмыстар жүргізілуде.
Департаменттің мәлдімдеуінше, дәл қазір қауіптің алдын алу жұмыстарына 30-ға тарта техника мен 100-ге жуық адам күші жұмылдырылуда. Олардың ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган, аудандық полиция бөлімі, «Казкомсервис» ЖШС, «Жылыой-Су» ЖШС, «Жылыой-Газ» ЖШС, «Жылыой-Мұнай-Газ» ЖШС мекемелерінің техникалары мен қызметкерлері бар.