Қазгидрометтің болжамы бойынша 2024 жылдың маусым айының соңғы онкүндігінде Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Елдің батысында ауа температурасы +18+25 градус аралығында болады. Солтүстікте ауа температурасының 33+38 дейін, орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36+43 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров ОКҚ брифингінде хабарлады.