Төтенше жағдайлар министрлігі өзендердегі қар мен мұздың еруіне байланысты су басу қаупі бар 157 елді мекен барын хабарлады.
ОҚК-да өткен брифинг барысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин наурыздың аяғындағы жауын-шашыннан кейін өзендердің бірнеше учаскесінде ылғал қорының орташа көлемінен асып кетуі байқалғанын айтты.
Оның ішінде ылғалдың көбеюі Ақмола облысындағы Есіл (Сергеев суқоймасына дейін), Қарағанды облысындағы Нұра, Ақтөбе облысындағы Елек, Батыс Қазақстандағы Шежін-2, Деркөл, Шаған, Тобыл және Қостанай облысындағы Аят өзені бассейндерінде тіркелген.
Алдағы аптада Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн жылынады деген болжам бар. Бұл қардың қарқынды еруіне және мұздың жылжуына ықпал етеді. Бұл осы өңірлердегі су басу қаупі жойылмаған 157 елді мекенді су басу қаупіне әкелуі мүмкін.
Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов