10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре-2024» жедел алдын алу іс-шарасының күзгі кезеңі басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шараның мақсаты — балық және балық өнімдерін заңсыз өндіру, тасымалдау, сатып алу, өткізу және сату фактілерін анықтау және болдырмау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Бүгінде мобильді топтар құрылып, автожол, вокзал, станция, жолаушылар пойыздары мен базарларда бақылау күшейтілді. Рейдтік шаралар қазанның 31-іне дейін жалғасады.
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ