Бұл туралы облыстық экология департаментінің қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Департамент мамандары «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» жолының 693-753 шақырымын жаңғыртып жатқан «Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Анықталғандай, Исатай ауданындағы Жанбай ауылы маңында орналасқан мекеменің өндірістік базасында бетон, темір, ағаш, құрылыс материалдары, қара түсті сұйық майларды жинайтын темір бөшкелер ашық күйде сақталған. Қалдықтар жинайтын арнайы жабдықталған орындар жоқ. Қағаз, пластикалық бөтелке, картон, целофан, тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдары сұрыпталмаған күйі шашылып жатыр.
Аталған серіктестікке әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Әкімшілік айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеуді сұраған компанияға 1 млн 35 мың теңге ғана айыппұл салынды.