ЖРВИ-дің эпидемиялық кезеңінде 66 мыңға жуық жағдай тіркелді

2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін облыстағы ЖРВИ-дің эпидмаусым кезеңінде 66 мыңға жуық жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Оның 64%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құраса, 3%-ы — бір жасқа дейінгі сәбилер. Сонымен қатар вирус 500-ден аса жүкті әйелге жұққан.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, биылғы жағдай эпидмаусымының 2023-2024 ж.ж. кезеңімен салыстырғанда аз.

- ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі. Мұндай жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақыру қажет,–деді А.Нұрғалиева.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары облыс тұрғындарынан тұмаудың алдын алудың негізгі ережелерін естен шығармау керектігін ескертті.

Фото: ru.freepik.com