Өткен тәулікте республикада 9 475 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 441, Алматы қаласында - 1 979, Шымкент қаласында – 126, Ақмола облысында – 802, Ақтөбе облысында - 268, Алматы облысында - 332, Атырау облысында - 196, Шығыс Қазақстан облысында - 198, Жамбыл облысында - 202, Батыс Қазақстан облысында - 503, Қарағанды облысында - 1 298, Қостанай облысында - 611, Қызылорда облысында - 70, Маңғыстау облысында - 101, Павлодар облысында - 900, Солтүстік Қазақстан облысында - 387, Түркістан облысында - 61. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді. Бұған дейін 12 мыңға жуық адамның індетке шалдыққаны хабарланған еді. Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 225 997 адамнан коронавирус табылды.
Сондай-ақ 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, республикада 156 342 адам коронавирус инфекциясынан (–154 988+ және 1 354 КВИ-) емделіп жатыр,
соның ішінде 10 226 пациент стационарда,
146 116 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: 393 адамның жағдайы ауыр,
163 пациенттің жағдайы өте ауыр,
95 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.