Covid-19: Атырауда 20 науқастың халі нашар

Реанимация бөлімшіде ӨЖЖ аппараттарына 4 науқас қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 564 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 23,9 % құрайды (2360 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 20 пациент жатыр, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарына 4 науқас қосылған. Жүктеме 18,9 % (106 орынға) құрайды.