COVID-19: Атырау облысының 1025 тұрғыны қайта вакциналанды

Өңірде тұрғындарды COVID-19-дан қорғау үшін қайта вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қайта вакциналауға жататын адамдардың жалпы саны 2286 адамды құрайды. Бұл 2021 жылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Оларға 8 санат өкілдері кіреді: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.