31 Қаңтар, 2022 1523

Атырауда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артып отыр

 Атырауда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артып отыр

Өткен жылы Атырауда 47 адам иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған.

Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен (ЖИТС) күрес және алдын алу орталығының бөлімі меңгерушісі Аягөз Жеткеншекқызының айтуынша, Атырауда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырғандар саны жыл сайын артуда. 2020 жылмен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны 19 жағдайға өскен.

- Инфекция анықталғандардың 42-сі ҚР азаматтары, ал 5-і шетелдік. 43-ші Атырау қаласында, 4-і аудандарда тұрады. Жыныстық қатынас арқылы - 93,6% (44), есірткі қолдану арқылы – 6,4% (3) жұқтырған.

Бүгінде облыс бойынша  100 мың тұрғынға шаққандағы  көрсеткіш - 6,4. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 4,0 болған, - деді бөлім меңгерушісі.