Атырауда 840 әйел бедеулік бойынша дәрігерлер есебінде тұр

Атырау облысында 840 әйел бедеулік диагнозы бойынша тізімде тұр, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Аталған көрсеткішті облыстық деңгейдегі репродуктолог Гүлнар Есқайырова растап отыр.

«Былтыр облысқа экстракорпаралды ұрықтандыруға (ЭКҰ) «Аңсаған сәби» бағдарламасы» бойынша 232 квота бөлініп, толық игерілді. Ал, биыл 233 квота бөлініп отыр. Жалпы алғанда олысымызда 840 әйел бедеулік диагнозымен тіркеуде тұр» дейді  репродуктолог Гүлнар Есқайырова.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша елімізде 14 мыңнан астам әйел бедеулік, 100-ден аса ер адам белсіздік диагнозымен есепте тұрған көрінеді.