9 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша Pfizer екпесі жалпылама 1110 адамға салынды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Pfizer екпесін қабылдағандардың қатарында 58 жүкті әйел, 551 емізулі ана бар. Ал, індетке қарсы вакцина алған 12 -18 жас аралығындағы жасөспірімдер саны 501-ге жеткен.