Атырау қаласында 350 адам індет жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекциясы бар 330 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 254 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.
Қазір 2919 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 46, модульдік ауруханада - 159, фтизиопульманологиялық орталықта - 23 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 48. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 543 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.