Атырау облысында бір тәулікте 556 адам COVID-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 216 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 20 адам емделді.
Қазір 3948 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 43, модульдік ауруханада - 190, фтизиопульманологиялық орталықта - 34 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 65. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 500 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.