Атырау облысында бір тәулікте 477 адам COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы ATPress.kz облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 477 науқас анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 274 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 38 науқас анықталды. Ал, 100 - Жылыой ауданында, 14 - Индер ауданында, 0 - Исатай ауданында, 10 - Қызылқоға ауданында, 17 - Құрманғазы ауданында, 4 - Мақат ауданында, 11 науқас - Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 242 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 235 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 42 адам емделді. Қазір 6 474 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 58, модульдік ауруханада - 155, фтизиопульманологиялық орталықта - 52 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 70, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 108 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.