Атырау облысында бір тәулікте 437 адам Covid-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 437 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 304 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 25 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында - 18, Индер ауданында - 23, Исатай ауданында  - 17, Қызылқоға ауданында - 13, Құрманғазы ауданында  - 14, Мақат ауданында  - 7, Махамбет ауданында  - 16 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 263 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 174 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 43 адам емделді.

Қазір 646 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 197, фтизиопульманологиялық орталықта - 5 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 218 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.