Атырау облысында бір тәулікте 145 адам COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Коронавирустық инфекциясы бар 73 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 72 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 562 адам емделді.
Қазір 5 664 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 20, модульдік ауруханада - 124 фтизиопульманологиялық орталықта - 50 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 50. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.