Пәндік олимпиаданың - дарынды жеткіншектерді тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдетуге ықпалы зор.
Мектеп оқушыларының білім деңгейі сараланатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі 30 қаңтар-3 ақпан аралығында №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектеп базасында өткізілген болатын. 5 күнге созылған додаға 20 мектептен 516 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды иеленген - 28 оқушы облыстық кезеңге қатысып, нәтижесінде Жылыой ауданының оқушылар командасы жүлделі II орын иеленді.
Айта кетейік, облыс бойынша 67 оқушы пән олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды. Оның 3-і жылыойлық оқушылар. Бұл оқушыларымыздың қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсететіндеріне сенеміз.