12 «наурыз», 2023 16

Жатақханада бір орынға мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайтылды


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Президенттің студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін белсенді енгізу міндетін алға қойды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірқатар шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, студенттік жатақханалар салу үшін төлемдер мөлшері ұлғайтылып, мерзімі қысқартылды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЖОО мен колледждерге жаңа жатақханалар салу немесе ғимараттарды жатақханаға айналдыру үшін қайта жаңғырту кезінде құрылыс салушының шығындарын ішінара өтеуге бағытталған мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін қайта қарастырды.

ЖОО және колледж студенттері үшін жатақханалар салу кезінде бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшері 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін көбейді. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. 

Алдын ала жасалған келісімге сәйкес 2025 жылға дейін 75 жаңа жатақхана салу жоспарланған.

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды.

Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласының аумағында жатақханалар салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен Қаржы орталығы тарапынан тұрғын үй салуға мүдделі жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетіледі.

Осындай жобалық кеңселер Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында да ашылады.

Соңғы жаңалықтар

Жылыойдың 95 жылдығы аясында көрме-жәрменке өтті

Бүгін, 11:05

Атыраулық палуандар топ жарды

Бүгін, 09:07

Жылыой ауданының 95 жылдығы аталып өтті

Кеше, 19:13

2037 жылдан бастап ЖОО гранттары тоқтатыла ма

Кеше, 17:02

Атырауда орта ғасырда салынған үй орындары мен бірқатар жәдігерлер табылды

Кеше, 15:03

Атыраудағы бірқатар көшелерде жарық өшіріледі

Кеше, 14:00

Тоқаев Түркиямен кедендік рәсімдерді жеңілдету туралы Заңға қол қойды

Кеше, 13:22

Атырауда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

Кеше, 09:05

Мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан видео тарады

22 Қыркүйек,18:14

Атыраудағы емдеу мекемелерінің бірінде науқастар мінген лифт істен шықты

22 Қыркүйек,17:26

Қазақстанда "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалі алып тасталуы мүмкін

22 Қыркүйек,16:43

Атыраулық ағайындылар көпшілікті тәнті етті

22 Қыркүйек,16:00

Азия ойындарына қатысатын атыраулықтардың тізімі жарияланды

22 Қыркүйек,15:30

Аймақ басшысы жылыойлықтармен кездесті

22 Қыркүйек,15:00

Қазақстанда көкөніс 12% қымбаттаған

22 Қыркүйек,14:40

Келесі жылы өтетін ҰБТ-да екі пән бойынша шекті балл төмендетілді

22 Қыркүйек,14:19

Болат Дембаев Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды

22 Қыркүйек,14:01

Атырауда кіші аяқдоптан Кубок өтті

22 Қыркүйек,13:14