Атырауға кіру: ПТР анықтамасы кімдерге қажет

17 қаңтардан бастап Атырауға шетелден келетін барлық жолаушылар (оның ішінде екпе алғандар) COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсынуы қажет, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

 «Шетелден келгендердің барлығы екпе алғанына қарамастан, ПТР сынамасының теріс нәтижесі болуы керек. Сертификат материал сынамасы алынған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады» делінген құжатта.