«Сұлтан Бейбарыс» алаңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жаңа мүшелері ант қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласы әкімдігі ұйымдастырған шараға жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Отан қорғаушылар күні қарсаңында жастардың ұлттық патриоттық рухын көтеру мақсатында «Ұлттық ұлан» шекарашылары мен «Батыс» өңірлік гарнизонының әскери сарбаздары да келді.
Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар бойынша басқарма бастығы - департамент бастығының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Сатбалдиевтің айтуынша, ант қабылдауға келген оқушылар мен студенттер сақадай сай келді.
«Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 78 жылдығына орай, қаладағы білім беру ұйымдарындағы “Жас сарбаз” сыныптары және әскери-патриоттық клубтарының салтанатты шеруі, сонымен қатар “Жас сарбаз” сыныбына ант қабылдады. Осы іс-шараны кең ауқымды толықтырған "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы 41433 әскер бөлімі (60 адам), ұлттық шекара қызметінің сарбаздары, ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы әскерлері Тәуелсіздік тұғырынан бастап, оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты шеру жасады. Сонымен қатар «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 41433 әскери бөлімі (60 адам), ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2016 әскери бөлімі (50 адам), ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінен 50 адам жиынға жиналды», - деді Жасұлан Сатбалдиев.
Қасиет Бахкерейқызы