Атырау облысы білім беру басқармасына қарасты мекемелерде мереке қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, диктант жазуға 130 000-нан астам адам қатысты. Олардың ішінде педагогтер, студенттер мен оқушылар бар.
Бұл шараны Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырды. Олардың айтуынша, жатқа жазудың мақсаты — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Қасиет Бахкерейқызы