Алдымен өзіміздің жағдайымызды ойлаған жөн

Қазақстан – экономикасы көп ретте шикізатқа негізделген. Десек те осы саланың күре тамырына қара алтыннан өнім де өндіріп отырмыз. Ол – жанар жағармай, дизель отыны. Оның құны көршілес өзге елдерге қарағанда әлдеқайда  арзан. Бұл жағдайды іргелес мемлекеттер пайдаланып, бөшкелеп тасымалдап кетуде. 

   Әрине, бұл еліміздегі жанар-жағармай тапшылығын туғызатыны анық. Үш мұнай өңдеу зауыты қайта жаңғыртылып, өнім өңдеу бірнеше есе артқанымен, ішкі сұраныс әлі толық өтелмей отыр. Себебі Қазақстанда бензин мен дизель отыны құнының төмендігін көріп, оны арзан бағаға алып, өз елінде қымбатқа  сататын алыпсатарлар көбейді. Қазақтың бензині мен дизель отыны өзіндегі жетпестіктің орнын жабудың орнына, делдалдың қалтасын қампитып, сыртқа кетіп жатыр.

    Оның үстіне, бағаның төмендігі саланың  жеткілікті түрде дамуына айтарлықтай әсер етіп келеді. Өңделген өнім мен оны тасымалдау, сату шығындары, негізінен, өзін өзі өтеп тұрса ғана жүйелі жұмыс жасап тұратыны анық. Мәселен, газдың тым арзан болғаны оны өндіріп, өңдеп, тасымалдайтын осы саланы болашақта тығырыққа тіреуі әбден мүмкін. Өйткені кіріс аз, шығыс көп.

   Сондықтан, ең алдымен, көршілерді емес, өзімізді жарылқап алуымыз қажет. Бұл орайда саланың келешегін ойлаған Үкімет басындағы азаматтардың қабылдаған шешімі дұрыс ұйғарым деп санаймын.

 

Мағзым Қанатбайұлы,

жүргізуші