АЭС референдумы бойынша Атырауда Telegram-bot іске қосылды

АЭС салу бойынша өтетін референдум кезінде өз сайлау учаскеңізді анықтайтын Telegram-bot іске қосылды.

Ол үшін https://t.me/SailauAtyrauBot сілтемесіне өтіп, өзіңіздің ЖСН нөмеріңізді енгізесіз. Бот жеделхатында деректеріңіз болмаған жағдайда чатта көрсетілген өзіңіздің жергілікті әкімдікке хабарласа аласыз.

Еске салайық, АЭС салу бойынша өтетін референдум 2024 жылдың 6 қазанына жоспарланған.