1 шілдеден бастап газ бағасы өседі. Атырауда баға қандай болады?

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап сұйытылған газдың 1 литрінің бағасы қанша теңгеге өсетінін жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Баға 4 не 6 теңгеге артады. Агенттіктің түсіндіруінше, сұйытылған мұнай-газға көтерме бағаның 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20 пайызға) артуына байланысты 1 литр газ бағасы 4 теңгеге артса, темір жол тасымалын  талап ететін өңірлерде бөлшек сауда бағасына тағы 2 теңге қосылады:

Астана – 76 теңге;

Алматы – 81 теңге;

Шымкент – 64 теңге;

Ақтөбе облысы – 54 теңге;

Атырау облысы – 54 теңге;

Ақмола облысы – 76 теңге;

Алматы облысы – 81 теңге;

Шығыс Қазақстан облысы – 76 теңге;

Жамбыл облысы – 71 теңге;

Батыс Қазақстан облысы – 64 теңге;

Қостанай облысы – 76 теңге;

Қызылорда облысы – 64 теңге;

Қарағанды облысы – 76 теңге;

Маңғыстау облысы – 54 теңге;

Павлодар облысы – 74 теңге;

Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;

Түркістан облысы – 64 теңге;

Абай облысы – 76 теңге;

Жетісу облысы – 76 теңге;

Ұлытау облысы – 76 тенге.

Құжат жобасы 12 шілдеге дейін жария талқыланады.