Тасқалада көпір тұрғындарға қауіп төндіруде

Тасқала елдімекеніндегі автокөлік көпірі ағымдық жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, халық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрған көпірдің екі жақ бөлігіндегі жаяу жүргіншілер жолдарындағы апаттық жағдай ескеріліп, толықтай бұзылып, қайтадан жөнделетін болады.
Сонымен қатар, жол жиегінде орналасқан бетондық қоршаулар жаңа темір қоршауларға ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталып, қолданысқа тапсырылуы көзделіп отыр.
Фото: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі