«Батыс» өңірлік қолбасшылығында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабалайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қорғаныс министрі мен еліміздің қорғаныс ведомствосы басшылығының атынан Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери әйел қызметшілерін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы генерал-майор Бауыржан Артықов көктемгі мерекемен құттықтады. Ол бірқатар әскери қызметші әйелдерге құрмет грамоталарын табыс етті.
- Бүгінгі таңда әйел азаматшалар ер адамдармен бірге Отан қорғаушылардың қиын міндеттерін орындауда. Олар сұлулық пен нәзіктікті күш пен батылдықты шебер үйлестіреді. Әйелдердің нәзік иықтарында отбасына қамқорлық, ондағы жайлылықты сақтау тұр. Соған қарамастан олар әскери борышын лайықты орындауда. Әрбір әскери әйелдер өзінің адал еңбегімен кәсіби және заманауи қазақстандық әскерді құруға елеулі үлес қосып келеді, - деді Б.Артықов.
Айта кетейік, салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Н.Жантөрин атындағы филармонияның әншілері өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әскери қызметші әйелдерге арналған отандық композиторлардың музыкалық шығармаларын орындады.