Атырауда 203,4 млн теңге АӘК тағайындалды

Облыс бойынша аз қамтылған отбасыларға 203,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Барлығы 203,4 млн теңге болатын атаулы әлеуметтік көмекті облыстағы 661 отбасыға шаққандағы 3923 адам алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Оның ішінде 487 отбасындағы 3074 адамға шартты (еңбекке қабілетті адамдары бар отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі) ақшалай көмек және 179 отбасындағы 879 адамға шартсыз (еңбекке қабілетті адамдары жоқ отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі)

816 адам атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар.Оның ішінде жүгіну кезінде жұмысы барлар саны 405, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 128-і тіркелген және 283-і бала күтіміндегілер. Осы 128 жұмыссыздың 91,4% жұмыспен қамту шараларына тартылды, 22-і тұрақты жұмысқа, 89-ы қоғамдық жұмысқа, 6-ы әлеуметтік жұмысқа жіберілді.

АӘК алушылар қатарындағы 566 отбасыдағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы 1089 балаға 26,9 млн.теңгеге қосымша төлем тағайындалды.

Фото: Atpress.kz