Бүгін қаладан 9 мың текше метр су шығарылды

Жедел штабтың 29 наурыз күнгі сағат 08-14:00 аралығындағы ақпараты бойынша Атырау қаласын жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына 84 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қаладан барлығы 9 мың текше метрден астам су шығарылды. Келіп түскен 219 өтінім орындалды. Жұмыс әлі де қарқынды түрде жалғасып жатыр.