ATPress.kz. 14-17 мамыр аралығында Астана қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
57 келі салмақта атыраулық боксшы Назым Ищанова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол ширек финалда астаналық Айдана Забинбекованы 5:0 есебімен тізе бүктірген. Ал, жартылай финалда қостанайлық Владислава Кухтаны оңай ұтыпты.
Алайда финалда тағы бір астаналық боксшы Сания Сұлтанқызына есе жіберіп алған.
Айта кету керек, Назым Ищанова 2016-2017 жылдары Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Жалпы, биыл боксшыларды көптеген ірі турнирлер күтіп тұр. Соның бірі - Индонезия еліндегі Азия ойындары мен Үндістанда өтетін әлем чемпионаты. Назым Ищанова осы аталған екі жарыстың бірінде ел намысын қорғайды деп күтілуде.
Айқара Ғұмар