ATPress.kz. 10 мамыр. Атырау облысының меценаттары қайырымдылық аукционы барысында балалар веломектебіне қажетті жабдықтар алу үшін 35 млн теңге сыйға тартты. Аталған жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге
Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған. Мұнда 10-16 жас аралығындағы 80 бала шеберліктерін шыңдамақ. Жалпы, велоспорт секциясы Атырауда алғаш рет ашылып отыр.
Осы орайда, атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы «Bike Ride Atyrau-2018» бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өткен-тұғын.
Атырауда меценаттар тарапынан жасалған қолдау шарасы тек бұл емес. Осыған дейін 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынған еді. «Ретро-парк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілген.
Айқара Ғұмар