ATPress.kz. 23 қараша. Исатай ауданында 2006-2007 және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Исатай ауданы әкімнің кубогы» үшін бокстан облыстық ашық турнир өтті.
Оған қатысқан индерлік спорт мектебі бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Мейрамбек Тұрғалиев пен Алмаз Шынтемірұлы дайындаған шәкірттер де үздіктер сапынан көрінді.
Айталық, 44 кг салмақ дәрежесінде жұдырық түйістіргендер арасында Ақжол Нұржанов бірінші орынға ие болса, 30 кг Бекзат Лұқпан екіншіні еншіледі. Ал, 28-30 кг салмақ бойынша Арман Есенбек пен Нұрболат Жасақбаев жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
Балғын боксшылардың алар асуы көп болсын дейміз.
Д. Ағысұлы,
Индер ауданы