ATPress.kz. 30 қаңтар. «Экс әлем чемпионы мексикалық Канело Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның қамқорлығындағы спортшының атақты боксшы Геннадий Головкинмен арадағы айқасы екі жекпе-жекпен шектеліп қоймайтынына сенімді», - деп хабарлайды «SPORTI
Жақында ғана боксшылардың қарымта айқасы туралы ресми хабар жарияланғанын ескерсек, күллі спорт сүйер қауым күтіп отырған реванш 5 мамыр күні АҚШ-та өтеді.
Головкин мен Альварестің айқасы өткен жылы қыркүйекте тең нәтижемен аяқталған еді. «Біз мұндай айқасты көптен бері көрмеген едік, - деді Де Ла Хойя «The Desert Sun»-ға берген сұхбатында. - Айқасуды көксеп тұрған орта салмақтағы тамаша екі боксшымыз бар. Айтпаса да қызық болатыны белгілі. Нағыз бокстың қандай болатынын танытпақ. Бізді жылдың тағы бір боксы күтіп тұрғанына сенімдімін».
«Үшінші айқастың болуы да ғажап емес, - деп жалғастырды Оскар. - Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, реваншта кім жеңіске жетсе де, ұтылған адам есесін қайтарғысы келеді», - деп түйіндеді ол.
Дайындаған Бек Әзберген