ATPress.kz. 15 ақпан. Ауған соғысы... Қаншама өндірдей жас жат жерде жанын қиды, із-түзсіз жоғалды. Қайсыбірі толыспай жатып, елге мүгедек болып оралды. Тағы біреулері соғыстан алған зардаптан отбасын құра алмай, ұрпақ сүйместен о дүниелік болды. Қалай де
Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлері одағы қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғабиден Қайыржанов бұл бағытта көптеген игілікті істер тындырып жүр. Қаруластарының даңқты істері мен ерлігін жас ұрпақ білуі тиіс деген мақсатта кітап та шығарды. Жыл сайын ақпан айында Кеңес Армиясының Ауған жерінен шығарылған күніне орай облыс көлемінде түрлі спорттық сайыстар өткізеді.
Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде волейболдан ардагер спортшылар арасында облыстың ашық турнирін өткізуге де Ғабиден Қайыржанов мұрындық болды. Жарысқа көршілес Астарахан облысы, Красный Яр, облысымыздың Исатай, Жылыой, Құрманғазы аудандарынан және Ауған соғысы ардагерлерінен құралған командалар қатысты.
Қорытындысында Жылыой ауданы командасы бірінші, жерлестеріміз екінші, ресейліктер үшінші орынды иеленді. Исатайлықтар мен Ауған соғысы ардагерлерінен құралған команда «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарымен марапатталды.
Турнирдің жабылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Мұқашев, Ауған соғысушы ардагерлерінің аудандық ұйымы төрағасы С. Мұфтахов жүлделер табыстады.
А. Нәжімов