ATPress.kz. 8-11 маусым аралығында Германияның Берлин қаласында паражүзуден Әлем кубогы өтті. Сайысқа 55 елден 700-ден астам спортшы қатысқан.
Бұған дейін жарыстың алғашқы күні атыраулық Ержан Сәлімгереевтің 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион болғанын жазған едік. Ол жүлде қатарын толықтырып, 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде күміс және 50 метрде еркін әдіспен жүзуде қола медальға ие болды. Осылайша, атыраулық «Мотиватор» Әлем біріншілігінде медальдар комплектін жинап отыр.
Тағы бір жерлесіміз - Дмитрий Ли Қазақстан ұлттық құрамасы сапында эстафеталық сайыста чемпион атанды. Ол 200 метрде кешенді жүзуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Онымен қоса жарыстың алғашқы күні 200 метрде еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдеге ие болған.
Енді спортшыларымыз биыл қыркүйек айында Индонезия елінде өтетін жазғы Азия ойындарына қатысады.
Айқара Ғұмар