Атыраулық оқушы ел чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдодан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ATPress.kz

Жарыстың екінші күні қыздар арасында 57 келі салмақта Дана Әбдірова жеңімпаз атанды.

40 спортшы арасындағы бәсекеде жерлесіміз Алматы, Қарағанды, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облысының балуандарынан басым түсті.

Бұл Дананың ел чемпионатындағы екінші медалі. Былтыр ол Қостанай қаласында қола жүлдегер атанған болатын.


ATPress.kz