Атыраулық дзюдошы Дана Абдирова Азия Кубогінің жеңімпазы атанды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия Кубогі туын көтерді.

Алты мемлекеттен жиылған  312 спортшының қатарында  атыраулық дзюдошылар да бар, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 Жарыстың алғашқы күні атыраулық спортшылар үшін сәтті басталды.  57 келі салмақта  жарыс жеңімпазы атанып,  абыройымызды асырған Дана Абдирова үш кездесуін де өзбекстандық спортшылармен өткізіп, айқын асымдылықпен жеңіске жеткен еді.
Ал,  40 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зере Өтепқали күміс медаль еншіледі.