ATPress.kz. 12 мамыр. Астана қаласында өткен ММА спортынан VI Қазақстан Республикасының чемпионатында атыраулық спортшылар үш алтын медаль жеңіп алды.
- Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген спортшылар қатысқан болатын. Бауыржан Берғали мен Манап Қабдиев баптайтын атыраулықтар үш алтын және үш қола медальға ие болды, - деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ересектер арасында Олжас Молдағалиев өзінің Қазақстандағы ең үздік аралас жекпе-жек спортының шебері екенін дәлелдей алды. Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 61,2 келі салмақта ел чемпионы атанды. Одан бөлек 70,3 келіде Аманбек Бекмұратұлы қола жүлдеге ие болды.
Жастар арасында 56,7 келі салмақта Ернар Сергеев қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Қыздар арасында Диана Ахметова 70,3 келіде алтын медаль иегері атанды.
65,8 келі салмақта Данияр Әжімқұлов пен 70,3 келі салмақта Тұрлан Абубакиров қола жүлдеге ие болды.
Тасым Әбіш