Қазіргі таңда Томарлы ауылында және Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда, деп хабарлайды ATPress.kz
Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әлеуметтік-экономкалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары және 2021 жылға қойылған міндеттері туралы есеп беруінде мәлімдеді.
- Қазіргі таңда Томарлы ауылында және Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы 25 мектепке арналған спорт алаңының жұмыстары жалғасуда. Олар биыл іске қосылады, - Қайрат Оразбаев.
Еске сала кетейік, өткен жылы Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 4 воркаут, 6 балалар ойын алаңдары бар.