Бүгін Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.
Әйелдер арасында 48 келіде Абужақынова Абиба жарыс жеңімпазы атанды.
Ерлер арасында 66 келіде Амангелді Ермек қарсылас шақ келтірмей ел чемпионы атағына қол жеткізсе, осы салмақта Айболат Ыстыбай қола жүлдеге ие болды.
60 келіде Қанат Сейілхан қола жүлде жеңіп алды.