«Атырау» футзал командасы ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ATPress.kz
Футзалдан 2020/2021 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.
Құрылғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан «Атырау» футзал командасы алғашқы жүлдені иеленді. Еліміздің ең мықты командаларымен бір қатарда ойнап, тек ақтық сында Алматылық «Қайрат» командасына есе жіберді.
Ел чемпионатындағы күміс жүлде, «Атыраудың» чемпиондар лигасында ойнауына мүмкіндік береді.