Арман Қалиев «Атырау барысы-2018» атанды

ATPress.kz. 6 мамыр. Қызылқоға ауданынан шыққан палуан Арман Қалиев «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Атыраудың намысын қорғайтынына қуанышты.

«Енді жаттығуды арттыра түсіп, абсолютті чемпион атанғым келеді», - дейді палуан Арман Қалиев. Жүз келі салмақта өнер көрсеткен палуан ақтық сында өзінен жиырма келіге салмағы ауыр жылыойлық Бекболат Салықовты айқын басымдықпен жеңген болатын.

Үшінші орынды Атырау қаласының палуаны Амандық Абылай еншіледі. Жеңімпаздар жүлде дәрежесі бойынша 200 мың, 100 мың және 70 мың теңгемен марапатталды. 

Еске сала кетелік, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті футбол алаңында өткен спорт шарасында он алты палуан боз кілемде белдескен болатын.

 

Тасым Әбіш