Аумақтық сайлау комиссиясының соңғы хабарына сәйкес, мен №7 сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына сайландым.
Ел сенімі - зор жауапкершілік. Одан ауыр ештеңе жоқ деп есептеймін. Маған қолдау білдіріп, ықылас танытқан қала тұрғындарына шын жүректен алғысымды білдіре отырып, сенімдеріңізге селкеу түсірмеуге уәдемді беремін! Халықтың қолдауы - биік абырой, жоғары құрмет. Оны ақтау үшін өңірдің дамуы, медицинасы мен білім саласының жандануы бағытында үлкен жұмыс жасалуы тиіс. Сол жауапкершілікті арқалау үшін барлық қажыр-қайратымды жұмсауға әзірмін.
Гүлнафис Таңбаева