ATPress.kz. 6 мамыр. Атырау облысының әкімдігінде болған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясында екі мәселе қаралды.
Күн тәртібі бойынша алдымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатура ұсыну туралы мәселені қараған халық қалаулылары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Депутаттардың қарауына түскен екінші мәселе - Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу болды. Мәслихаттың шешімен, Атырау облысы әкімдігінің дербес құрамынан Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы шығарылып, оның орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары Суюнчалиев Жасұлан Асқарұлы енгізілді.
Естеріңізде болса, VІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясы өтетіндігі жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет dknews.kz сайтынан