Ертең Президент Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізбек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы ресми Ақорда мәлім етті. Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді. Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ